А.Калашникова есімді азаматшаның үйінде газ баллоны тесіліп, өрт тұтанған. Жалын шарпыған сәтте ас үйде А. Калашниковамен бірге оның анасы және үш баласы болған. Өрт лаулаған сайын газ баллонының дыбысы үдей түсті. Үй иесі тез арада балаларды үйден шығарды, ал анасы көмек сұрап көршілерге жүгіреді.
Алғашқы көмек қолын созған Ұлттық ұланның №6697 бөлімінің әскери қызметшісі, сержант Медет Балабиев болды. Ол қауіп-қатерге қарамастан өрт шарпыған ас үйге жүгіре кіріп, баллонды пештен ажыратып, сыртқа алып шыққан.
Әскери қызметшіге ризашылығын білдіру үшін А.Калашникова №6697 әскери бөлімі командирінің атына алғыс хат жазды.