Құстарды бақылау әшекей бұйымдарын жасаудан кейін Z буыны арасындағы ең жылдам танымал болып келе жатқан екінші хоббиге айналды, деп жазады The Guardian.
Мәселен, Ұлыбританияда 14 пен 29 жас аралығындағы шамамен 750 мың жас құстарды тұрақты түрде бақылайды.
Неміс орнитологтары одағы да қатысушылардың орташа жасының төмендеп келе жатқанын тіркеп отыр.
– Ұзақ уақыт бойы бұл хобби оғаш киінетін егде жастағы ер адамдармен байланыстырылып келді. Бірақ қазір құсқа әуес жастар көбейіп жатыр. Әйелдердің үлесі де жыл сайын артып келеді, – дейді одақ өкілі Кристофер Кёниг N-tv-ге берген сұхбатында.
Кёнигтің айтуынша, өткен жылы Ornitho мамандандырылған порталында 6 мың жаңа қолданушы тіркелген. Ал күн райы жақсы күндері порталға тәулігіне 100 мыңнан астам хабарлама түседі. Оның сөзінше, қызығушылықтың мұндай күрт артуы ғылым үшін үлкен пайда әкеледі, өйткені әуесқойлар құстар популяциясындағы өзгерістерді тіркеуге көмектеседі.
Басылым атап өткендей, көптеген жасөспірім бердвотчингке коронавирус пандемиясы кезінде қызыға бастаған, ал бұл қызығушылық пандемиядан кейін де сақталған.
Бұл хобби зумерлерге цифрлық детоксты ұстануға да көмектеседі: табиғатқа шыққанда олар бірнеше сағат бойы смартфонға емес, дүрбіге қарайды.