Құстарды қыста қоректендіру олардың эволюциясына әсер етеді

АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат - Құстарға қыста жем шашу олардың эволюциясына әсер етуі мүмкін,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілер Германияда бір-бірлерінен 800 шақырым қашықтықта тіршілік ететін Sylvia atricapilla қара айдарлы шымшықтардың екі түрінің өсіп-өнуін зерттеген. Барлық құстар Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін зәйтүнмен және жемістермен қоректену үшін Жерорта теңізіне ұшып кетіп отырған. 1960 жылдарға дейін шымшықтар Ұлыбританияда қыстаған. Бұл елдің тұрғындары құстарға жем шашатын болған, нәтижесінде Sylvia atricapilla шымшықтарының басым бөлігі (10 пайызы) суық түскенде тұманды Альбионды паналаған.

Жерорта теңізінде қыстаған құстардың ДНК-ларына жасалған сараптама 800 шақырым қашықтықта тіршілік ететін шымшықтардікімен барынша ұқсас екенін көрсетті. Ғалымдар сонымен қатар, Ұлыбритания мен Жерорта теңізінде қыстайтын құстар сырттай ұқсас екенін де сипаттады.

Осылайша, ғалымдардың жұмыстары адамдардың басқа тіршілік иелеріне етер әсерінің қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.