Құстармен соқтығысып қалған ұшақ жедел қонуға мәжбүр болды - АҚШ

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Нью-Йорк әуежайында US Airways ұшағы жедел қонуға мәжбүр болды. Аспанға енді ғана көтерілген ұшақтың пилоты двигательге құстың кіріп кетуі салдарынан жерге шұғыл қону туралы шешім қабылдады,

деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерден 600 метрдей биіктікке көтеріліп қалған кезде, Рочестерден Шарлотт қаласына бара жатқан ұшақтың жолында канадалық қаздардың тобы пайда болған, сөйтіп құстардың біреуі двигательге кіріп кеткен. Ұшақ бортында 124 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Аман-есен қонғаннан кейін лайнер жөндеуге жіберілді. Ал жолаушыларға басқа рейс ұсынылды.