Сынақтар тәжірибелік әскери пайдалану бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Брондалған доңғалақты машиналарға тәжірибелік әскери сынақтар жүргізу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде Қорғаныс министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының мамандары, сондай-ақ «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС инженерлік-техникалық құрамы тартылды.
«Сынақ барысында өтуі қиын жерлерде терең қар жамылғысын еңсере отырып, төмен температура жағдайында базалық шасси сыналып, жүргізіліп жаттықтырылды. Агрегаттар мен жүйелердің жұмыс қабілеттілігі, пайдалану-техникалық қасиеттері, техника агрегаттарының жүктеме, жылу және жылдамдық режимдері тексерілді», — деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қазақстандық қорғаныс кәсіпорны ТЖМ техникалық тапсырмасы бойынша әзірлеген арнайы «Алан-2» радиациялық, химиялық, биологиялық барлау машиналары Қарағанды және Алматы облыстарында орналасқан ТЖМ әскери бөлімдеріне берілді.
Биыл тағы екі арнайы машина елдің батысы мен шығысындағы ТЖМ әскери бөлімдері техникасының паркін толықтырады.