Өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектар.
— Таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол қатынасының шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Жұмыстар қолда бар құралдар мен аспалы өрт сөндіргіштерді қолдана отырып жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында жеке құрамнан 50-ге жуық қызметкер және 20-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылған.
Айта кетелік Алматы маңындағы таулы аймақта құрғақ шөп өртенгені туралы жазған едік.