Құтқарушылар каньонға түсіп кеткен ер адамды құтқарды
05:40, 25 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Құтқарушыларды көмекке шақырып, 112 нөміріне туристің жолдастары хабарласқан. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Түнде Түркістан облысы Төлеби ауданы Мәдени ауылынан 500 м қашықтықта 1989 жылы туған ер адам 50 м тереңдіктегі каньонға түсіп кетіп, өздігінен көтеріле алмаған.
Шақыртуға келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері каньонға түсіп, ер адамды көтеріп алып шықты.
Айта кетелік Астанада құтқарушылар өзіне қол жұмсамақ болған қызды аман алып қалған еді.