Алматы облысы Қаскелең қаласында анасы кіреберіске кілтсіз шыққан кезде кішкентай қыз кездейсоқ есікті iшiнен құлыптап алған.
«Жаңа есікті бұзбас үшін альпинистік жабдықтың көмегімен пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Бөбектi анасына тапсырдық, балаға медициналық көмек қажет болған жоқ» - деді құтқарушылар.
ТЖМ құтқарушылары еске салады: кішкентай балаларды үйде қараусыз қалдырмаңыздар!