Өздігінше іздеп таба алмаған ата-аналар 112 нөміріне хабарласып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан түні бойы жалғастырылған іздеу жұмыстарына 2 кинологиялық есептоп пен ұшқышсыз ұшу аппараты тартылды. Бұған қоса, іздеуге балалардың жақындары, жергілікті тұрғындар мен полиция өкілдері қатысты.
- Жұмыла атқарылған жұмыс нәтижесінде 2020 ж.т. ұл бала үйден 3 км қашықтықта таулы аймақта түн ішінде табылса, 2015 ж.т. әпкесі Қотыр деген таулы аймақтан үйден шамамен 10 км жерде таңертең табылды, - делінген ТЖМ хабарламасында.
Балалар дәрігерлердің қарауынан кейін ата-аналарына табысталды.
Айта кетейік, БҚО-да ұлымен бірге адасып кеткен әйел дронның көмегімен табылды.