Құтқарушылар топырақ астында қалған ер адамды алып шықты

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Кеше Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданындағы Молоков көшесі маңында кәріз жүйесін тарту мақсатында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде 2003 жылы туған жұмысшыны топырақ басып қалған.

Фото: видеодан алынған скрин

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмысшылармен бірлесіп, су мен топыраққа толған шұңқырдан зардап шеккен азаматты шығарып алды.

Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ қызметкерлері Алакөлде алты адамды құтқарғанын жазған едік.

Ұлттық ұлан офицері суға батып бара жатқан баланы құтқарды.