Бүгін сағат 9:20-да Алматы облысындағы Қарасай ауданында Қайнар және Бекболат кенттері арасында жол көлік оқиғасы орын алып, көлік ағашқа соғылғаны туралы хабар келіп түсті.
«Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып, жолаушының денесін авариялық автомобильдің салонынан алып шықты.
Сағат 10:23–те оқиға орнында құтқару жұмыстары аяқталды», — делінген ТЖМ ақпаратында.
ТЖМ құтқарушылары қауіпсіз жылдамдық режимін сақтау қажеттігін еске салады.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.