Құтқарушылар жолда қалып қойған шетелдік 17 азаматты эвакуациялады
11:18, 10 Наурыз 2024
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысы Темірбек Жүргенов кентінен 3 шақырым жерде, "Қарабұтақ-Комсомол-Қостанай" автожолының 80-шақырымында жолаушылар автобусы бұзылып қалған.
Құтқарушылар техникалық ақауы бар көліктегі азаматтарды Т. Жүргенов ауылының мешітіне көшірді.
«Жолаушылар автобусында 17 азамат болды, олар Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары. Медициналық көмек қажет болмады», — деп жазды ТЖМ-нан.
Құтқарушылар алыс жолдарға шығу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.