«Қазіргі таңда министрлік тарапынан барлық қажетті шараларды қабылдаудамыз. Бүкіл қажетті келісімдер бар. Бірақ заңды тұрғыда бұл сұрақты әлі шешпедік. Біздің ойымызша, қыркүйектен бастап, Парламентке заңға өзгерістер енгіземіз. Ең басты мәселе — тұрғын үй төлемдерін алу. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сол мәселені шешеміз деп ойлаймыз», — деді министр Үкімет үйінде өткен брифингте.
Тілшілер құтқарушылардың қаншауы баспанаға мұқтаж екенін нақтылап сұрады.
«Біздің қызметкерлердің 90% баспанаға мұқтаж деп санай беріңіз», — деп жауап берді Ш. Әрінов.