Құтқарушылар 6 мыңнан астам адамды аман алып қалды - министр В.Божко

Фото: None
АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Соңғы он бір айдың ішінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары 6236 адамды құтқарды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Министр хабарлағандай, олардың 3346-сына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. «Негізі, биыл алдын алу шараларын сапалы түрде ұйымдастырудың арқасында төтенше жағдайлардың саны 16,7 пайызға азайды. Өткен жылмен салыстырғанда, төтенше жағдайларда мерт болған адамдардың саны 10,8 пайызға төмендесе, зардап шеккендер 11,1 пайызға аз болды», - деп атап көрсетті В.Божко.

Соңғы жаңалықтар