«Әлеуметтік тұрғыдан алғанда біздің қызметкерлеріміз аз қорғалған. Айталық, тұрғын үй төлемдері, орын ауыстыру кезінде көтерме жәрдемақысының берілмеуі және қызметкерлердің қызмет бабында өсуі, үстемеақылар, тағы басқалары бар», - деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, алдағы уақытта бұл мәлеселер оң шешімін табады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту және министрлік бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру бойынша жұмысты бастады», - деді Юрий Ильин.
Сондай-ақ, ол биыл Алматыға 6 техника сатып алынғанын атап өтті. Жыл соңына дейін 8 техника сатып алу жоспарда.