АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Алматы тұрғындарына «Шымбұлаққа» бару қауіпті екенін ескертті. Бұл аймақта қазір тау басындағы қарды түсіру жұмыстары жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылдың 19 ақпанында «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қар массасын түсіруді жоспарлап отыр. Төтенше жағдайларды болдырмау үшін департамент алматылықтар мен қала қонақтарына тауға шықпауға кеғес береді», - делінген хабарламада.
Құтқарушылар курорт әкімшілігінен жолдардың ашықтығы туралы ақпаратты нақтылау керектігін айтты.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.