Құтқарушылар Алматыдағы «Адем» сауда үйінде болған өртке қатысты толыққанды мән-жайларды жеткізді
26 сәуірде Алматы қаласында «Адем» сауда орталығында оңтүстік астананың өртке қарсы қызмет гарнизоны үшін айтарлықтай сынаққа айналған, соңғы жылдар ішінде ең ірі өрт болғаны мәлім.
Өртті жою кезінде оның аумағы 25 000 шаршы метр болды, өрт кәсіпкерлердің тауарымен бірге 1600-дан астам жұмыс орнын жойып жіберді. Жоғары температура ғимарат құрылысының жойылуына алып келді, олар өрт кезінде қирай бастады.
Осындай жағдайларда регламенттелетіндей, өрттегі күштер мен құралдардың өсу динамикасына талдау жасалды, өрт байланысы орталық пунктінің телефонмен сөз сөйлеулерінің және өрт кезінде радиоалмасудың жазбалары зерделенді. Өрт орнында ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігін ғылыми-зерттеу институты мен сынақтан өткізу өрт лабораториясының мамандары жұмыс істеді.
Шақыру орнына бірінші өрт бөлімшесі өрт туралы хабарлама түскеннен кейін 6 минуттан соң келген. Бұл жақын жердегі өрт бөлімінің автоцистерналары болды, ал барлығы «Адемге» 19 техника жіберілді. Келген бөлімшелер сыртқы белгілер бойынша хал-ахуалды эфирге бере отырып, барлық тесіктерден қара түтіннің шығуы және ғимараттың барлық периметрі мен шатыр асты тығыздығының бұзылуы туралы хабарлады.
Барлаудың алғашқы минутынан бастап жоғары температураға байланысты ғимаратқа кіру мүмкін еместігі түсінікті болды. Жылу визорлары әр түрлі кіреберістерде 270-тен 300 С-ға дейінгі ыстықты тіркеді.
Өршіп кеткен өрттің белгілері болды. Кейіннен ТЖК Өрт қауіпсіздігін ғылыми зерттеу институты мен өрт сынағы зертханасының мамандары 100 кг/м2 дейінгі жану кезінде осындай сауда орындарында өрттің таралу жылдамдығы минутына 4 метрге дейін жететінін, ал ошақтағы өрт температурасы шамамен 600-700 С құрағандығын, ал бұндай температурада металл арқалықтар шығыны қатты қызғаннан кейін 15 минут өткен соң пайда болатынын айтқан.
Өртке барлық гарнизонды дерлік қатыстыратын шақырудың ең жоғарғы үшінші рангасы берілді. Үздіксіз су жеткізуді қамтамасыз ету керек болды, бұл үшін сауда орталығының аумағындағы әрқайсысының сыйымдалығы 2500 м3 өрт сөндіру су айдындары пайдаланды, дала желісінің өрт сөндіру гидранттары қатыстырылды, оқиға орнына жылжымалы су айдыны - 30 тонналы суы бар автопойыз келді.
Күштер мен құралдар ғимарат периметрі бойынша шоғырланды. Іс-қимылдың шешуші бағыты «Адем 2» және «Адем 3» қатарлас тұрған ғимараттарға өрттің көшуінің алдын алу болып айқындалды. Өртті жоюға барлығы 40 өрт техникасы және өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 233 адамы, полиция қызметінің 44 техникасы мен 580 қызметкері қатыстырылды. Қаланың барлық шұғыл және коммуналдық қызметтерімен өзара іс-қимыл орнатылды. Қолға алынған шаралардың арқасында өрт 2015 жылғы 27 сәуірде 06 сағат 35 минутта оқшауландырылды және 11 сағат 50 минутта толығымен жойылды.
«Алматы базарларында өрт жиі шығатынын мойындау керек. Алайда өртпен күрес кезіндегі тәжірибе, өрт туралы уақтылы хабарлау кезінде автомобиль кептелістеріне де қарамастан, осындай өртті бір-екі контейнер шегінде сөндіруге болатындығын көрсетті. Осындай жағдайлар кездеседі», деп атап өтілген хабарламада.
ТЖК бастамашылығымен соңғы жылдары ұйымдастыру-қаржы шаралар қабылданғанын атап өту қажет. Мәселен, базарлардың сол жағында республикалық бюджет қаражатынан 6 автомомбильге арналған өрт сөндіру депосы салынды. Қаланың жекелеген аудандарында судың болмауына байланысты Алматы гарнизоны үшін 30 тонна су қоры бар автопойыз сатып алынды. Ауданы 3500 м2 жаңа базарларды салу кезінде олардың өрт сөндіру бөлімінен 3 шақырымнан астам алшақ жерлерде орналасуына байланысты объектілік өрт сөндіру бекетінің болу қажеттілігі туралы міндетті талап енгізілді.
Сондықтан осындай өрттен кейін барлық жағдай қаралып, өрттің алдын алуға және өрт сөндіру тәсілдерін жетілдіруге бағыталған жаңа ұсынымдар пысықталады.