Құтқарушылар Астананың көк базарында шыққан өртпен екі сағат бойы арпалысты

None
ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жексенбі күні түнгі сағат 12-де Астананың «Алматы» ауданындағы «Көк базарда» өрт шықты.

Базар аумағында жеке орналасқан вагоншада болған өрт ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 8 адамы мен 2 техникасының күшімен 2 сағатта сөндірілді. Жалынның жайылған жалпы аумағы 35 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.