«Байкал іздеу-құтқару жасағының сүңгуірлері тереңдіктегі қауіпті ірі габоритті нысандарды іздеп, жағаға шығару жұмыстарын атқарды. Мамандандырылған техникалар мен арқандардың көмегімен Ресей ТЖМ-інің жердегі топтары пайдаға асыру мақсатында автомобильдерді жағаға жеткізді. Бұдан өзге ТЖМ қызметкерлері мен жалпыресейлік халықтық майдан өкілдері және еріктілер Байкал жағасындағы демалыс орындарын жинау жұмыстарына қатысты», - делінген ТЖМ-ның Сібір өңірлік орталығы баспасөз қызметінің хабарламасында.
ТЖМ Байкал іздеу-құтқару жасағы 15 жыл бойы қызмет атқарып келеді және осы аралықта құтқарушылар көл түбінен 92 автомобиль, 18 қайық және шағын кемелер, алты қар машинасын, екі мотоцикл, трактор, тікұшақ және ұшақ алып шыққан.