Астаналық құтқарушылар қаладан бөлек көршілес аймақтарға да тәулік бойы көмек көрсетуде.
Мәселен, ауқымды жұмыстардың бірі ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылында еріген қар суын сорғыту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Аталмыш жұмыстарға барлығы 3 бірлік техника (ПНС-110, АР-2, КУНГ) және жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылған.
Ағымдағы жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша 39 333 м3 көлемінде еріген қар суы сорғытылды.
Қарды шығару, өзен арнасын кеңейту, бөгеттерді нығайту және су өту мониторингісінің арқасында құтқарушылар мен әкімдіктер елордада ауқымды су тасқынын болдырмай, су басудың алдын алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.