Құтқарушылар Индонезияда батып кеткен жолаушылар кемесінен 16 адамның мүрдесін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теңізде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 19 желтоқсанда Индонезия жағалауында батып кеткен жолаушылар салынан 16 адамның денесі табылды.

Құтқарушылардың деректеріне сәйкес құрбандардың саны 23-ке жетті. 54 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Іздеу операциялары жүргізіліп жатыр. Бейсенбіде құтқарушыларға ӘТФ еріктілері мен құтқарушылары қосылды, деп хабарлады ТАСС.

19 желтоқсанда Сулавеси аралы маңында 21 шақырым жерде дауыл салдарынан сал аударылып кетіп, батып кеткен болатын. 41 адам келесі күні ашық теңізден табылған. Олар құтқару кеудешелерін кигендер. Кейбірін жергілікті балықшылар құтқарған. Кеме капитаны мен тағы бір адам апаттан кейін екі күннен соң ашық теңізден тірі табылған.

Бортта команда мүшелерін қосқанда, 118 адам болған.