Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте мәлім болды.
Министрліктің баспасөз қызметінің өкілі Любовь Шапошникованың мәліметтеріне қарағанда, биылғы жылдың қыс мезгілінде табиғаттың тосын мінезімен байланысты төтенше жағдайлардың орын алуы әбден ықтимал. Әдетте мұндай жағдайда жергілікті және республикалық бағытта жабылып қалатын бірнеше бағыттар бар. «Оған байланысты елімізде арнайы дабыл қағылып, ескертулер жасалып та жатқанына қарамастан азаматтар жолға шығуларын тыяр емес», деді министрлік өкілі.
Оның сөзінше, қыс мезгілі басталысымен төтенше жағдайлар саласының аймақтағы отрядтары «Нефтеюганск-Шымкент» бағытында кетіп бара жатқан автобустан 53 азаматты қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың барлығы да Тәжікстан азаматтары болып шықты. Тап осы күні «Нсовосібір-Ташкент» бағытында жылжып бара жатқан көліктен 48 Өзбекстан азаматы құтқарылған. «Сондай-ақ «Тараз-Алматы» бағытында кетіп бара жатқан автобустан 36 жолаушы аман алынып қалды. 3-4 желтоқсан күндері тек Қостанай облысында құтқарушылар омбы қардың астында қалған 12 адамды алып шықты. Оның біреуі Болгария азаматы болып шықты. Әзірге далада үсіп қалған адамдар туралы ешқандай дерек жоқ», деді Л. Шапошникова.