Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде өңір аумағында қар көшкіні жүру қаупі сақталып отыр. Соған орай «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының қызметкерлері мен құтқарушылар профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді.
«Өскемен-Алтай» тасжолының 58-66 шақырымындағы тау бөктерінде 4 рет жарылыс жасалды. Соның нәтижесінде 11 400 текше метр қар түсірілген. Бірден жолды қардан тазарту жұмыстары қолға алынды», - делінген ақпаратта.
ТЖД қызметкерлері қар көшкіні қаупіне орай тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертті. Қандай да бір мәселелер бойынша «112» нөміріне қоңырау шалуға болады.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі