ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Құтқарушылар Петропавлда 2 тамыздан 3-іне қараған түні жоғалып кеткен 29 жастағы ер адамды іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СолтүстікҚазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл маңындағы Есілөзенінде іздеу жұмыстары жалғасуда.
«Іздеуге құтқарутобының қызметкерлері, полиция бөлімі, жастар ресурстық орталығының еріктілеріжәне техника жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары қалаға жақын Есіл өзенініңжағалауында, Жеңіс саябағынан Борки кентіне дейінгі жерде жүргізілуде», -делінген Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Құтқарушыларіздестіру шараларын таңғы 8-де бастаған.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.