Құтқарушылар сайысының кезеңінде БҚО командасы жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазқұтқару-2016» республикалық жиын-семинары Қазақстан құтқарушыларын біріншілік үшін күресінде сынауын жалғастыруда. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК аспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалындағы «Жартасты қала -Астана» оқу-жаттығу полигонында «Техногендік апаттар жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында құтқару көпсайысы бойынша жарыстардың жеңімпаздары анықталды.

Үш күн бойы командалар басты міндеті «зардап шеккендерді» және «қаза болғандарды» іздеп табу, оларды босату, алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды қауіпсіз орынға эвакуациялау болып табылатын күрделі кезеңдерді өтті.

«Жол-көлік және теміржол оқиғалары» кезеніңде ең көп ұпай санын Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының командасы жинап алды. Екінші орында - Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы, үшіншіде - Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы.

«Лабиринт» кезеніңде ең көп ұпай саның Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының командасы ұтып алды, ұпай саны бойынша екінші орында Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы, үшінші орында Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы.

Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары «Үйінді» кезеніңде де максималды ұпай санын жинап, біріншілікті бермеді. Осы кезенде екінші орында Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының командасы болып, үшінші орынды Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары алды.

«Химиялық авария» кезеңінің ең үздік уақыт көрсеткіштері және ұпай санымен Павлодар облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының командасы жеңіп алды. Екінші орында Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, үшіншіде - Батыс Қазақстанның құтқарушылары.

«Форт» кезеніңде бәсекелес командалардаң айтарлықтай алға шығып, ең үздік нәтижелерді Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы көрсетті. Екінші орында - Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары, үшінші орында - Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы.

Өткен кезеңдердің қорытындылары бойынша «Техногендік апаттар жағдайында іздеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының командасы жеңімпаз болып атанды. Екінші орынды Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жеңіп алды. Үшінші орында - Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының командасы.

Командалар басқа арақашықтарды өтуге кірісті.