Мамандардың болжауынша, жақын арада Қара теңізде құйын басталуы ықтимал. Мұндай жағдайда жағадағы елді мекендер зардап шегеді.
Қазірдің өзінде қала көшелерін су басып, көлік қозғалысы қиындаған. Сочи әуежайында 7 ұшақ жоспарлаған сапарын кейінге қалдырды. Теміржол қозғалысы да шектелді. Құтқару жұмыстарына жүздеген маман мен жүзден аса техника жұмылдырылған.