Құтқарушылар Ту-154 апатынан қаза тапқан тағы 3 адамның мүрдесін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар Қара теңізге құлаған ұшақ орнынан тағы үш адамның мүрдесін тапты, деп хабарлады күш құрылымдарына сілтеме жасап хабарлаған РИА Новости.

«Табылған мүрделердің жалпы саны 15-ке жетті», - деді агенттіктен.

Осы оқиғаға қатысқан мәліметтер бойынша, апат ауданында 223 дене бөлшектері табылған. Бұдан бұрын РФ Қорғаныс министрлігінде сүйектерді генетикалық сараптамадан Мәскеуде өткізетінін айтылған. Іздеу операциясына 45 кеме, 15 тереңге жүзетін аппарат, 192 сүңгуір, 12 ұшақ, бес тікұшақ қатысуда. Ірі сынықтарды көтеру үшін өздігінен жүретін кран әкелінді.

Ту-154 Қара теңізге жексенбі күні таңертең құлады. Бортта 92 адам болған, оның ішінде Александров атындағы ансамбль артистері, ресейлік телеарна қызметкерлері, Доктор Лиза ретінде танымал «Справедливая помощь» қайырымдылық қорының басшысы Елизавета Глинка бар.

Негізгі нұсқалар ретінде қозғалтқышқа бөгде зат түсіп кету, сапасыз отын, басқару қателігі, ұшақтың техникалық ақауы сияқты мәселелер қарастырылуда.