Құтқарушылар үш жолаушысы бар көлікті қар қыспағынан шығарды - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бурабай кентінде жұма күні таңертең «Ботагөз» санаторийі ауданында үш жолаушы отырған «Субару» автокөлігі қарға батып қалған, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Ақмола облысы бойынша ТЖД күштері (жеке құрамның 3 адамы және 1 техника) көлікті қар қыспағынан шығарды.