«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту үшін тұрғын үй төлемдері мәселесі пысықталып жатыр. Сондай-ақ құтқарушылардың зейнеткерлік жасын «азаматтық қызметшілер» санаты бойынша қысқарту көзделген. Қазір бізде құтқарушылар зейнетке 63 жасында шығады. Сала мамандарының қызмет барысында ауыр физикалық және психологиялық жүктемемен жұмыс істейтінін білесіздер», - деді министр.
12:09, 21 Мамыр 2021
Құтқарушылар зейнетке ерте шығуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы «азаматтық қызметшілер» санаты бойынша қысқартылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.