Дүйсенбі, 20 ақпан күні Жамбыл облысының жедел кезекшісіне «Момышұлы-Қошқар ата» жолында күртік қарда 9 адам және 2 жеңіл көлік, ал «Алматы-Ташкент» жолында 27 адам мен 5 жеңіл көлік қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Тараз қаласының жедел-құтқару жасағы, Жуалы ауданының ТЖБ, Жамбыл облысы ТЖД-нің «Өрт сөндіру және апат-құтқару жұмыстары» ММ мен «К-Жолқұрылыс» АҚ-ның біріккен күштерінің көмегімен ішінде адамдары бар көліктер Момышұлы ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ. Барлығы 36 адам құтқарылды.