Бұл мәліметтерді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Алматы тұрғындарымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2022 жылдың 8 айында елімізде төтенше жағдайлар мен оқиғалар саны 1,8%-ға, қаза тапқандар саны 28,4%–ға және зардап шеккен адамдар саны 4,2%-ға азайды. Алматы қаласы бойынша ТЖ саны 10% – ға азайды, қаза болғандар саны 23% - ға қысқарды», - деді Юрий Ильин.
Төтенше жағдайларды жою үшін министрлік бөлімшелері 1 900-ден астам рет шақыртуға шығып, шамамен 450 адамды құтқарған және эвакуациялаған.
Жалпы республика бойынша құтқарушылар төтенше жағдай орнына 48 мыңнан астам рет шығып, шамамен 15,5 мың адам құтқарылды және эвакуацияланды, үш мыңнан астам зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
«Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында іс-шаралар кешенін жүргізеді. Атап айтқанда су тасқыны қауіп-қатерлерінің, сел мен жер сілкіністерінің тәуекелдерін барынша азайту, өрттердің алдын алу, қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету»,-делінген хабарламада.