Сарапшылар ескерткішке келтірілген шығынды 70 мыңға жуық рубльге бағалады.
Еске сала кетейік, 8 мамырға қараған түні белгісіз біреу ескерткішке шығып, семсерді сындырып тастады. Қаскүнем ескерткіштің сынған бөлігін алып, ізін суытқан.
Оқиға орнына келген құқық қорғаушылар оны қарап шыққан соң, бейнебақылау таспаларындағы жазбаларды алып кеткен.
16 мамыр күні полиция қызмкткерлері вандалды ұстады. Ол Ленинград облысындағы Всеволожск қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты.
Пәтерді тексеру кезінде ұсталған ер адамнан семсердің бір бөлігі алынды. Енді ол жасаған қылмысы үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады informing.ru.