Кувейт Аллаға тіл тигізгені үшін өлім жазасына кесуді заңдастырды

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Кувейт Парламенті Аллаға тіл тигізгені үшін жазалаудың ең қатаң түрін - өлім жазасын қарастыратын заң жобасын қабылдады, деп жазады Утро.ру.

Оған сәйкес, Аллаға, мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранға, сондай-ақ пайғамбарлардың кез келгені мен Мұхаммед пайғамбардың әйелдеріне тіл тигізген адам жазаға тартылатын болады. 

Егер кінәлі адам сотта өкінсе, өлім жазасының орнына бес жылға бас бостандығынан айырылады немесе 36 мың доллар көлеміндегі айыппұл төлейді. Егер осындай қылмысты екінші рет жасаса, соттан мейірімділік күте алмайды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, заңнамалық бастаманы Парламенттің 40 депутаты қолдады. Енді оны Үкімет пен Кувейттің әкімі қарастыру керек.