Кувейт әмірі ел парламентін таратып жіберді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кувейт әмірі Сабах аль-Ахмед аль-Джабер ас-Сабах елдің парламентін тарату жөнінде жарлық шығарды. Әмір бұл шешім елдің алдында тұрған жаңа сын-қатерлерге байланысты қабылданғанын айтты, деп хабарлады KUNA ресми агенттігі.

«Өңірде орын алған соңғы жағдайларды ескере отырып, қауіпсіздік саласындағы жаңа сын-қатерлерді қаперге ала отырып, билікті халыққа қайтарып беру керек. Халық өз өкілдерін сайлауы тиіс. Осылай олар сын-қатерлерге қарсы тұра алады», - делінген жарлық мәтінінде.

РИА Новости таратқан мәлімет бойынша, жарлық Кувейттің министрлер кабинетінің өтініші бойынша қабылданған.

Кувет заңы бойынша жаңа парламент сайлауы екі ай ішінде өтуі тиіс. Парламентке 50 депутат сайланады.