Кувейт әуежайында бомба салынған сөмке табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кувейт әуежайының жүк терминалында күдікті сәлемдеменің ішінен жарылғыш құрылғы табылды. Бұл туралы Al-Jarida газеті дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Қауіпсіздік қызметкерлері жарылғыш затты тексеру кезінде анықтады. Олар сөмкеге салынған кітап ішінен аккумуляторлар мен жарылғыш заттарды тапқан.

Arab Times атап өткендей, сәлемдемені АҚШ-тағы әскери мекемелердің біріміне жеткізу керек болған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, құқық қорғаушылар жарылғыш затты кімнің жібермек болғанын анықтауда.