Оқиға Кувейт халықаралық әуежайында лайнер жерге қонған соң орын алды. Бұл туралы Аl-Аnbа кувейттік газеті оқиғамен таныс аты аталмаған дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
ТЖ кезінде ұшақта болған барлық 188 адам салоннан шығып үлгерді. Газет әзірге жолаушылардың азаматтығы мен лайнердің бағыты жайлы ешқандай мәлімет жарияламады.
Қазіргі таңда саперлердің салонды мұқият тексеріп жатқаны белгілі. Оқыс оқиғадан кейін әуе айлағындағы қауіпсіздікті күшейту қолға алынғалы жатыр.