Тараптар 30 бөлімнен тұратын «Мәмлүктер тарихы» фильмінің кейбір бөлімдерін Қоқан қаласында түсіру мәселесін талқылады. Кездесуде Қоқанның туристік әлеуетін әлемге таныту және қаланың тарихи-мәдени байлығын көрсету мүмкіндіктері қарастырылды. Мұнда түсірілетін «Мәмлүктер тарихы» фильмінің бір бөлімі Қоқанның әсем сәулетін, көне ескерткіштері мен мәдени мұрасын әлем жұртшылығына таныстыру үшін тамаша алаң болады деп жоспарланған.
– Фильмнің Қоқанда түсірілуі қаланың әлемдік туристік картадағы орнын нығайтуға септігін тигізеді, – деді облыс әкімінің орынбасары Хуршиджон Ахмедов.
Өз кезегінде «Ebla International» компаниясының басшысы Хилал Арнаут өңірдің табиғатына назар аударды.
– Біз Ферғана облысы аумағындағы табиғат, таулар мен өзендердің тарихи ескерткіштерімен үйлесім тауып, мәмлүк дәуірінің ландшафттарын қалпына келтірудің қолайлылығын байқадық. Сонымен қатар экранда тартымды кейіпкер жасай алатын жергілікті актерлерді тартамыз, – деді Хилал Арнаут.
«Мәмлюктер тарихы» фильмінің түсірілімі осы жазда басталады.
Еске сала кетейік, ТМД-ның алғашқы халықаралық кинофестивалі Қазақстанда өтпек.