Бүгін Үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев осылай айтты.
«18 сәуір күні мен Лондонға ұшып барамын. Сол жерде біз қазақстандық спортшылар қатысатын барлық жарыстар бойынша мемлекеттік рәміздердің сәйкестігін тексеруге тырысамыз. Бірақ, шыны керек, Лондон Олимпиадасының ұйымдастырушы комитетінің жұмысына емін-еркін араласа алмайсың. Бізге де мемлекеттік рәміздерді тексеруге оңайлықпен мүмкіндік береді деп айта алмаймын. Дегенмен, Кувейтте болған оқиға Лондон Олимпиадасында қайталанбауы тиіс», - деді Т.Ермегияев.