Жұмысшылар күйіктермен ауруханаға жеткізілді, олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:39-да өрт сөндірілді. Мұнай өндіру тоқтаған жоқ.
Өрттің шығу себебі белгісіз. Кен орны әкімшілігі оқыс оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізе бастады.