Бұл жайында үкіметтің селекторлық отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасы Талғат Ермегияев мәлім етті.
«Біздің тараптан мемлекеттік жаттықтырушы қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар мен орынбасарыма ескерту бердім»,-деді ол. Оның атап өтуінше, мұндай келеңсіздіктің алдағы уақыттарда орын алмауы үшін агенттік әрбір спортшыға, әрбір жаттықтырушыға Қазақстанның әнұранын білуге міндеттейтін арнайы бұйрық шығарған.