Кувейтте стадион тіреуі сынып, жоғарыда отырған бірнеше адам құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парсы шығанағы ұлттарының Кубогы матчында қоршау құлап, 12 адам зардап шекті.

Бұл туралы sports.ru хабарлайды

Кувейтте Парсы шығанағы ұлттарының Кубогы матчында қоршау құлап, 12 адам зардап шекті. Алаңда Оман және БАӘ құрамалары кездесіп жатқан болатын - (0:0, 5:4).

Оқиға ойын аяқталған соң орын алды. Шыныдан жасалған тіреу сынып кетіп, жоғарғы секторда отырғандар жерге құлады.

Жараланғандар жедел түрде ауруханаға жеткізілді.