ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда күйеу баласы оқ атқан 1951 жылғы ер адамның жағдайы аса ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, қалалық көпбейінді ауруханада жатқан 66 жастағы Раниль Абдрахмановқа бірінші ота жасалғаннан кейін, ол палатаға шығарылған.
«Оған өткен аптада екінші ота жасалды. Содан кейін қайтадан жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр», - деді А.Сақпосынова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын енесін атып өлтіріп, қайынатасын ауыр жаралаған күдіктінің екі айға қамалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).