Жидда қаласының Қызыл теңіз айлағында тұратын оған осы күнге дейін қаншама жігіт құда түсіп, сөз салғанымен, қаталдық танытқан туысқан ағасы болашақ күйеубалаларының бірін де ұнатпаған. Осылайша, жасы отызға жақындаған ол өзінің «кәрі қыз» атанып, қатарластарының жанұяларына қызығып та қызғанып қарайтын жағдайға жетеді.
Ақыры соңында ағасынан неліктен келісім бермейтінін сұраған ол шалқасынан түсе жаздайды. Қарындасының бақытын емес, бас пайдасын ойлаған ол өзінің келісімін тек 130 000 $ көлемінде қаржыға сататынын айтқан. Алғашында бұл ұсыныстан бас тартқанымен, саудиялық қыз кейіннен ағасының келісімін сатып алуды жөн санайды.