Күйеуі әйелін өлтіріп, жеп қойған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Башқұрстанда ер адам өзінің әйелін өлтіріп, етін жеп қойған. Содан соң әйелінің қалған денесін бөлшектеп, кейіннен жеу үшін тоңазытқышқа салып сақтаған.

Құқық қорғау органдары хабарлағандай, қайғылы оқиға Башқұртстан Республикасының Туймазы ауданында орын алған. Отбасылық жанжалдан кейін ашуға булыққан күйеуі әйелін бауыздап, кейіннен оның денесін бөлшектеп тастаған. Жарты етін тоңазытқышқа салып қойған, ал қалған бөлігін пісіріп жеген, деп хабарлайды LifeNews.