Ер адамның сөзіне қарағанда, оның жары Карла жүзігін ас үйдегі үстелдің үстіне қағаз сүлгіге қойып кеткен. Қоқысты әкететін көліктің келгенін естіген Берни қағаз орамалды алып, оны қоқыспен бірге жүк көлігіне салып жіберген. Осылайша, құнды зат қоқыстардың арасына түсті.
Ер адам қоқыс жинаушыларды 10 тонна қоқыстың арасынан сақинаны іздеуге көндірді.
25 минуттан кейін операциялық менеджер Джо Эванс жүзікпен келді.
- 10 жағдайдың 10-да мұндай заттарды таба алмаймыз, - деді Эванс. - Сақинаны тауып, иесіне қайтару біз үшін үлкен қуаныш.