Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Есіл ауданы Қалмакөл ауылының тұрғыны М.Лялинаға қатысты сот отырысы өтті. Сотта анықталғандай М.Лялина 2017 жылдың 7 қарашасында өзінің азаматтық некедегі күйеуі М.Подстрешный, ауылдастары Д.Шәкеев және П.Варфоломеевпен қосылып арақ ішкен. Кейін ерлі-зайыптылардың арасында жанжал шығып, әйелі күйеуін пышақтап өлтіреді. Артынша, қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйіне өрт қояды. Өрттен 2 жыл 8 айлық қызы көз жұмады.
Ақмола облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты М.Лялина ҚР ҚК 99 бабының 2 бөлімі 3,5,13 бөлімшелері бойынша айыпты деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.