Күйіп қалған «АрселорМиттал Теміртау» жұмысшысы ауруханада көз жұмды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «АрселорМиттал Теміртау» зауытында бояу құйылған бөшке жарылысынан зардап шеккен 50 жастағы жұмысшы ауруханада көз жұмды. Оқиға салдарынан оның денесінің 90% күйіп қалған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Зардап шеккен жұмысшы ауруханаға өте ауыр күйік жағдайында және денесінің 90% термиялық күйік алған күйінде түсті. Медициналық қызмет көрсетудің барлық кешеніне қарамастан, науқастың жағдайы нашарлап, 15 наурызда қайтыс болды», - деді Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматолог-ортопед дәрігері Манас Әміров.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасы екінші зардап шегушінің жағдайы орташа ауырл екенін хабарлады. Ол қажетті ем аалып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 11 наурызда ЖЭО-2 механикалық цехының шеберханасында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде ЖЖМ буы тұтанып, нәтижесінде газ аппаратурасының слесары мен жөндеушісі күйік алды.

Қазіргі уақытта бұл істі арнайы комиссия тергеп жатыр.