Зерттеу 14 күнге созылды. Бұл уақытта қатысушылар өткен күнде болған күйзеліс жағдайларын айтуы тиіс еді. Күн сайын кешке олардың телефондарына ескерту келіп отырды. Еріктілер жұмыс, сабақ немесе үйдегі мәселелері жайлы айтты. Сондай-ақ олар қаржы, денсаулық және өзге тұлғалармен арадағы проблемалары жайлы баяндады. Сонымен қатар, еріктілер күн сайынғы күйзеліс деңгейін анықтау үшін бір күн ішінде кездесетін қиындықтарды есептеді.
Зерттеу көрсеткендей, адамдар өзгелерге қаншалықты көмектессе, сол күн бойы олардың көңіл күйлері де соншалықты көтеріңкі болады. Мұндай көмек психикалық денсаулықты нығайтқан. Күйзелген кезде өзгелерге қол ұшын берген еріктілерде негативті эмоциялар азырақ болған.