Осы мәселеге байланысты, Канада институтының ғалымдары жаңа зерттеу нәтижелерін ұсынып отыр. Олардың айтуынша, егер жүрісіңді өзгертсең, көңіл-күйің де жақсара түседі. Осыған дейін ғалымдар күйзеліп жүретін адамдар бақытты адамдардай жүріп-тұрмайтынын анықтаған болатын. Ал, жаңа зерттеуде ғалымдар сынаққа қатысушыларға ерекше тәжірибе жүргізген. Оларға жағымды және жағымсыз сөздерді таңдатып, жүгіру жолағымен ерсілі-қарсылы жүргізген. Ғалымдар олардың қозғалыстары мен сыртқы кейпіне баға берген. Тәжірибе жүргізу кезінде жүрістері бәсең болғандар теріс сөздерді көп еске түсіретіні анықталып, олардың жүрісі көңіл-күйіне әсер еткені анықталған. Осыған дейінгі зерттеулер күйзеліске ұшыраған адамдардың өз өмірін еске түсіретін жағымсыз оқиғалары позитивті адамдарға қарағанда көбірек екенін көрсеткен болатын.
01:50, 21 Қазан 2014
Күйзелістен құтылу үшін жүрісті түзеу керек - Ғылыми зерттеу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамны жүріс-тұрысы оның көңіл-күйіне де әсер ете алады. Мәселен, көңілсіз, ұнжырғасы түсіп жүретін адамдар көбіне сылбыр, иығы салбырап жүреді. Ал, бақытты адамдар еңселері көтеріңкі жүреді, деп жазады «Росбалт».