Күз басынан Қазақстан жаңа астықтың 3,5 млн. тоннасын экспорттады

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Күз басынан Қазақстан жаңа астықтың 3,5 млн. тоннасын экспорттады.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков өзінің Twitter-дегі шағын блогына жазды.

«Қыркүйек айынан бастап Қазақстаннан 3,5 млн тоннаға жуық астық пен ұн (астыққа шаққанда) экспортқа сатылды», - деп жазды министр.

Сонымен қатар оның атап өтуінше, қарашада астық пен ұн жөнелтуде рекорттық көрсеткіш тіркелген. 853,5 мың тонна астық пен 310 мың тонна ұн жөнелтілген.